top of page

СТУДЕНТТЕРГЕ

АКАДЕМИЯЛЫҚ ДАҒДЫ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Біздің жобада «академиялық дағдының» анықтамасы Тардидің  (Tardy, 2009) теориялық негіздемесіне сүйенеді. Ол формалды, тақырыптық, риторикалық және процестік білім.

Untitledkk.png
  • Тілдік дағдыны бір тілден екінші тілге, L1-L2-L3 ортасында, қолдану дағдысы, дағды және ресурс бола тұраса да, қиындық тудыруы мүмкін (Artemeva & Fox, 2010; Brent, 2011; Gentil, 2011; Haim, 2015; Jarvis & Pavlenko, 2008; Mein, 2012)

  • Бұл қиындықты шешу үшін студенттер дағдыны бір тілден екінші тілге қолданғанда оны қалай  бейіму керектігін білуі керек, яғни студенттер тілдердің стилистикасы немесе жанрлық өзгешелігін біліп, дәл солай басқа тілде қолдануға келетінін немесе келмейтінін білуі керек.

БІР ТІЛДЕГІ АКАДЕМИКАЛЫҚ ДАҒДЫРЛАРДЫ ЕКІНШІ ТІЛДЕ ҚАЛАЙ ҚОЛДАНАМЫН?

АКАДЕМИЯЛЫҚ ДАҒДЫРЛАРЫДЫ ҮШ ТІЛДЕ ДАМЫТУ ҮШІН ҚАНДАЙ РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНА АЛАМЫН?

Сізде оқытушылар, сіздің университетіңіз, интернет-ресурстарыңыз және өзіңіздей студенттер сияқты көптеген ресурстар бар.

 

  • Сіздің оқытушыларыңыз: олардан сіздің ағылшын, қазақ және/немесе орыс тілдерінде орындаған жазбаша жұмыстарыңыз бойынша пікірін біліңіз. Жазбаша жұмысты жақсартуда үздіксіз жұмыс жасай отырып, сіз өзіңіздің дағдыларыңыз туралы ойланып, оларды дамыта аласыз;

  • Сіздің университетіңіз: кітапхана ресурстарын пайдаланыңыз, халықаралық ынтымақтастық және академиялық мобильдік бөлімімен тағылымдамадан өту немесе академиялық алмасу мүмкіндіктері туралы кеңес алыңыз, академиялық жазу дағдыларыңызбен жұмыс жасау үшін жазу орталығына барыңыз (бар болса), зерттеу жұмысыңыздың жариялануы және оның процесі туралы білу үшін зерттеу комитетімен байланысыңыз;

  • Интернет: Пурдью университетінің Жазу орталығының ресурстары сізге плагиаттан қалай аулақ болуға және академиялық жазу үшін әртүрлі дәйексөздер мен форматтау стильдерін білуге көмектеседі https://owl.purdue.edu/owl/avoiding_plagiarism/index.html. Сіз сондай-ақ,   авторлар мен өз салаңыз/тақырыбыңыз туралы зерттеу жұмыстарын іздеу үшін Google Scholar немесе Mendeley-ді қолдана аласыз. 

  • Өз бетіңізше: әр түрлі тілдерде конспект жасаңыз (мысалы, орыс тілі курсында ағылшын тілінде конспектілер), зерттеу жұмыстарының құрылымымен тілімен ерекшеліктерімен танысу үшін зерттеу жұмыстарын оқыңыз , интернеттегі әртүрлі тілдерде өз тақырыбыңыз бойынша онлайн дәрістер тыңдаңыз.

bottom of page