top of page

ӘКІМШІЛЕРГЕ

КӨП ТІЛДІ БАҒДАРМАЛАРҒА ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУҒА БІЗДІҢ УНИВЕРСИТЕТ ТАЛАПКЕРДІ ҚАЛАЙ ТАҢДАЙДЫ?

Университеттің IELTS сияқты халықаралық емтихан сертификатын қабылдай алатын  саясаты болу қажет және университет ағылшын тілінде магистратура/докторантураға оқуға түсуге арналған кез-келген CEFR B2 деңгейін анықтайтын тест нәтижесін талап ету.

 

​

КӨПТІЛДІ БАҒДАРЛАМАЛАРҒА СТУДЕНТТЕРДІ РЕТСІЗ ТАҢДАУҒА НЕМЕСЕ ҚАТЫСУҒА МӘЖБҮРЛЕМЕУ КЕРЕК.

АКАДЕМИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАРДЫ ҮШ ТІЛДЕ ДАМЫТУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН ОҚУ ЖОСПАРЫНА (БАҒДАРМАЛАРЫНА) ҚАНДАЙ ТҮЗЕТУЛЕР ЕНГІЗУІМІЗ КЕРЕК?

  • Көп тілді бағдарламаларға қызығушылық танытқан, бірақ үш тілдің кез-келгенін меңгеру деңгейі төмен студенттер үшін жанрлық педагогиканы қолданатын дайындық курстарын енгізу (бағдарламада оқуды бастағанға дейін)

​

  • Академиялық коммуникация бойынша сынақ тапсыру курстарын жалғастыру (жазуға бағытталған, бірақ жазуды қалыптастыруға көмектесетін оқу мен сөйлеуді қолдану)

​

  • Пән оқытушылары мен барлық үш тілді оқытатын оқытушыларының бірлесіп оқытуын немесе бірлікте жұмыс жасауын ынталандыру

БІЗДІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ КӨПТІЛДІ БАҒДАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУҒА ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАУҒА БОЛАДЫ?

  • Жалпы ағылшын тілін үйрететін курстарды  ғана емес, сонымен  қатар:

    • ағылшын және басқа тілдердегі пәндік білім мен терминологияны қамтитын; 

    • ағылшын тілінде оқыту тілін үйретуді қамтитын;

    • шет тілін оқыту әдістерін беретін;

    • кез-келген тілде оқытудың заманауи тәсілдерін ұсынатын;

    • түрлі ғылыми мәтіндердің элементтері туралы студенттер мен оқытушылардың хабардарлықтарын арттыратын (мысалы, зертханалық есептер, психологиялық профильдер, зерттеу мақалалары) курстарды ұсыну қажет.

​

  • Әр түрлі мәтіндер мен тілдерге дағдыларды бейімдеу қажеттілігі (тәсілдері) туралы хабардарлықты арттыру

​

  • Пән оқытушыларын және практикалық ағылшын тілі оқытушыларын сабақ жоспарын әзірлеуде ынтымақтастыққа шақыру.

​

  • Ағылшын тілінде сабақ беретін мұғалімдерге жоғары жалақы ғана емес, сонымен қатар ағылшын тілі сабақтарын дайындауға көбірек уақыт беру.

КӨПТІЛДІ БАҒДАРМАЛАРДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ҮШІН ҚАНДАЙ РЕСУРСТАРДЫҢ БОЛУЫНА БАСЫМДЫҚ БЕРУ КЕРЕК?

  • Университетіңіздегі негізгі басымдықтарды анықтау үшін өзін-өзі бағалау процесін қолданыңыз. Басқа университеттерде атап өтілген басымдықтар:​​

    • үш тілдегі кітапхана ресурстары (мақалалар жинағына және деректер базасына онлайн жазылу)

    • студенттер мен оқытушылар үшін шетелде оқу мүмкіндіктің болуы

    • халықаралық студенттерді қабылдау

    • зертханалық жабдықтар мен материалдар

    • АТ ресурстары және олардың болуы

    • дипломдық практика

    • академиялық жазу курстары (пәндері) 3 тілде

    • үш тілде оқу мен оқытуды насихаттайтын іс-шаралар

bottom of page