ПЕДАГОГТАРҒА
EMI КУРСТАРЫНДА ТІЛ ДЕҢГЕЙІ ТҮРЛІ СТУДЕНТТЕРДІ ҚАЛАЙ ОҚЫТАМЫЗ?
Негізінде, университке магистратура бағдарламасына түсу үшін талапкердің ағылшын тіл деңгейі CEFR B2 деңгейіне сай екендігін анықтауға арналған тест немесе емтихан сұхбатынан өту талабы қойылады.
Егер студент тест тапсырмаған болса немесе тест нәтижесі тіл деңгейін дұрыс көрсетпесе, студенттің тілді меңгеру деңгейін төменегі шараларды қолдану арқылы анықтай аласыз:
-
Курсты оқу және курс тапсырмаларын орындау үшін студенттерге қандай дағдыларды меңгеру керек екенін ескеріңіз.
-
Семестрдің басында студенттерге қажетті дағдыларды межелейтін өлшемшарттар бойынша даярланған диагностикалық тест жүргізу. Мысалы, сыныпта жазбаша немесе ауызша тапсырма беру.
-
Студенттердің көпшілігіне қажет сабақ мазмұны мен дағдыларды үйретуді басты назарда ұстаңыз. Білім деңгейі анағұрлым жоғары студенттерге жеке күрделі тапсырмалар беріңіз және білім деңгейі төмендеу деген студенттерге қосымша сабақ жоспарлаңыз (сізбен немесе басқа оқытушымен).Қажет болған жағдайда оларды басқа оқу ортасына ауыстырыңыз.
-
Білім деңгейі төмендеу студенттерге жазылған дәрістердмен алдынала танысып шығуға және оқу тапсырмаларын алдын-ала дайындауға көбірек уақыт беріңіз.
EMI САБАҚТАРЫНДА СТУДЕНТТЕР АНА ТІЛІН ҚОЛДАНА АЛАДЫ МА?
-
Егер сіздің бағдарламаңыз көптілді болса, оған үш тілді білетін және қолданатын студенттер мен оқытушылар қатысады. Білімді үш тілдің бәрінде дамыту қажет. Үш тілді қолдану білімді дамытуға ықпалын тигізе алады.
-
Бұл ағылшын тілінде сөйлеу және бәрін Т1-де қайталау дегенді білдірмейді. Керісінше, оқу мен оқытуда тілдер оңай қолданыла алады (Паулсруд, Тиан &Тот, 2021).
-
Студенттерде уақытты босқа кетіру деген ой орын алмас үшін олар бірнеше тілді қолданудың мақсатын түсініп, сезінуі керек.
-
Сыныпта басқа тілдерді қолдану арқылы студенттерге мазмұн мен дағдылардың сол тілдерде берілуінің ортасындағы байланысын көрсете аласыз.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАПСЫМАНЫ ОРЫНДАУДА БАСҚА ДЕРЕК КӨЗДЕРДЕН КӨШІРІП АЛУЫНА (ПЛАГИАТҚА) ҚАЛАЙ ЖОЛ БЕРМЕУГЕ БОЛАДЫ?
-
Университетіңізде плагиатқа қарсы академиялық саясат бар екеніне және ол саясаттың іс жүзінде орындалатынына көз жеткізіңіз.
-
Студенттерге плагиаттан аулақ болу үшін а) плагиат дегеніміз не екенін б) плагиаттың астарында қандай проблема бар екенін в) жазу жәну сөйлеу мәтініндеплагиатқа жол бермейтін әдістерді түсіндіріңіз.
-
Плагиатты анықтау үшін университеттен,мысалы, Turnitin, бағдарламалық жасақтамамен қамтамасыз етуін сұраңыз.
ЖАНРЛЫҚ ПЕДАГОГИКА ДЕГЕНІМІЗ НЕ? ОНЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАРДЫ ҮЙРЕТУДЕ ҚАЛАЙ ҚОЛДАНУҒА БОЛАДЫ?
-
Жанрлық педагогика грамматиканы оқыту шеңберінен кең. Жанрлық педагогика студенттерге сендіру, ақпарат беру мәтіндерін, әртүрлі аудиториялар мен әртүрлі құрылымдарға сай түрлі мәтіндер жазуға және сөйлеуге үйретеді.
-
Жанрлық педагогика пәндік-спецификалық білімді және әр түрлі мәтіндерді құру процесі туралы білімді дамытуға бағытталған (Тарди, 2009).
-
Жанрлық педагогика - студенттердің мәтінге қарап, оның құрылымын түсініп, соған ұқсас мәтіндерді өз бетінше құруды үйрету.
-
Жанрлық педагогика процесс ретінде студенттерге жоба құруды, сыныптастарының жобаларын қарауды, пікір қабылдауды, мұғалімге немесе көпшілік аудиторияға қосымша пікірлер мен кері байланыс алу үшін өз жобаларын қарап шығуға ұсына білуді үйретеді.
-
Жанрлық педагогикада ақпарат алу мен ақпарат беру үшін бірнеше тіл қолдануға болады
-
Жанрлық педагогиканы көбінесе академиялық тіл курстарының оқытушылары пән мұғалімдерімен бірлесе отырып оқытады
МАҒАН БІРНЕШЕ ТІЛДЕ САБАҚ БЕРУГЕ ЖӘНЕ БІРНЕШЕ ТІЛДЕ СӨЙЛЕЙТІН СТУДЕНТТЕРДІ ОҚЫТУҒА ҚАНДАЙ РЕСУРСТАР КӨМЕКТЕСЕДІ?
-
Plurilingual Lab- Канададағы Макгилл университеті, оқу, оқыту және жеке тұлға қалыптастыру үшін студенттердің көптілді қабілеттерін пайдалану бойынша зерттеулер мен идеялар берілген сайт
-
"Студенттерді ағылшын тілінде оқытатын курстарда оқытуды жетілдіру" https://www.eduhk.hk/moi/index.php
-
Нью-Йорк қалалық университеті - Нью-Йорк штатының жаңа екі тілді транслингвизм ресурстарының бастамасы https://www.cuny-nysieb.org/translanguaging-resources/
-
CLIL4U (http://languages.dk/clil4u/)
-
Online Writing Lab Пердью Университеті (https://owl.purdue.edu)