ЖОБА ТУРАЛЫ
БІЗ НЕ БІЛГІМІЗ КЕЛДІ?
-
Ағылшын тілінде (EMI) немесе көптілді бағдарламалар бойынша білім алатын студенттер академиялық білімдерін (яғни жанрлық білімді) үш тілде қаншалықты дамытады?
-
Студенттер үш тілде білім мазмұнын қалай қабылдайды?
-
-
Студенттерге академиялық білімд ағылшын тілінде дамытуға қандай институционалдық ресурстар көмектеседі?
-
Студенттерге ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде академиялық білімді дамытуға көмектесу үшін қандай институционалдық қолдау қажет болуы мүмкін?
-
БІЗ ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ҚАЛАЙ ЖАСАДЫҚ?
-
Зерттеу нысандары:
-
Қазақстанның 4 өңіріндегі 6 университет ғылыми зерттеулер және үштілді білім беру үшін ИИДМБ бойынша қаржыландыру алды
-
Олар ұлттық немесе өңірлік, кешенді немесе мамандандырылған университеттер
-
-
-
Сандық әдіс:
-
Магистрлік және докторлық бағдарламаларда оқитын студенттерінің өзін-өзі бағалауғаберілгенсауалнама а) үш тілдегі жанрлық білім және б) ағылшын тілін үйренуде әртүрлі институционалдық қолдау көрсетудің маңызы
-
-
Сапалық әдіс:
-
Студенттер мен оқытушылар ортасынан алынған фокус-топтардан және;
-
Оқу орнының басшылығынан сұхбат алу
-
БІЗ НЕ БІЛДІК?
-
Тереңдетілген (жоғары оқу орнынан кейінгі оқу) бағдарламада оқуға қажет тілдің кем дегенде төменгі меңгеру деңгейі болуы қажет
-
"Тілді меңгеру деңгейі" - грамматиканы біліп қана қою немесе тілдік әрекеттің төрт түрін (сөйлеу, оқу, жазу және тыңдау) білуден кең ұғымды білдіреді. «Тілді меңгеру деңгейі» дегеніміз - түрлі мақсатжәне түрлі аудиторияға арналған мәтіндерді қалай құру керектігін білу, сонымен қатар мәтіндер мен тілдер арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды ажырата білу.
-
Тілдік дағдыларды бір тілден екінші тілге қолдану және бейімдей алу «тілді меңгеру деңгейі» бар дегеннің белгісі болып табылады.
-
Студенттер, оқытушылар мен оқу орны басшылығы үшін шетелдік студенттермен және ғалымдармен кездесу, шетелге саяхаттау және бірнеше тілдегі кітапхана ресурстары мен мәліметтер базасына қолжетімділік мүмкіндіктердің болуы маңызды. Бұл мүмкіндіктер білім мазмұны мен тілді қодану дағдысын дамытады.
-
EMI және көптілді білім беру саласындағы нашар саясат пен процестер, әсіресе студенттерді іріктеу және оқытушыларды даярлау ісіне қатысты, осы бағдарламалар аясында оқу мен оқытуда қиындықтар туындатады.